Саясат

Алматыда Сапарбаевқа ақылды робот таныстырылды

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыда жүр. Оңтүстік астанаға жұмыссапарымен келген Сапарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінебарды.

Jasalash.kz

Вице-премьер ҚазҰУ-дегіІТ паркті, процестік инновациялар орталығын, жерді қашықтан зондтау орталығынаралап көрді. Оқу орнының өкілдері оған маңызды ғылыми жобаларын таныстырып,жобаларын көрсетті.

Сапарбаев сөйлейтін,еститін, көріп, түсіне алатын, сондай-ақ сұрақ қоя алатын QazBotинтеллектуалдық роботымен танысқан соң, вице-премьер әл-Фарабидің музейінаралап көрді. «Бұл мұралар әл-Фараби Қазақстан аумағында туып, өмірсүргенін дәлелдейді», — деді ол. Одан әрі «Ұлы даланың жеті қыры» музейімен,сирек кездесетін жазбалар мен кітаптар қорымен, Тұңғыш Президент залыментанысты.

Сонымен қатарБердібек Сапарбаев бүгін вице-премьер университеттердің жаһандықсаммитіне қатысады.

Фото: inform.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега