Қоғам

Алматыда шетелдіктер өзгенің ЖСН-імен курьер және жүргізуші болып жұмыс істеген

Алматыда жалған құжат жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды.

Фото: полиция

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол Қазақстан азаматтарының жеке деректерін пайдаланып, құжаттардағы фотосуреттер мен мәліметтерді өзгерткен. Кейін жалған жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу куәлігін сатқан.

Мұндай құжаттарды сатып алған адамдар өздерінің шынайы тұлғасын жасырып, жеткізу қызметтері мен жолаушылар тасымалы сервистеріне тіркеле алған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктінің клиенттері негізінен Орталық және Оңтүстік Азия елдерінен келген азаматтар болған.

Тінту кезінде күдіктіден компьютерлер мен ұялы телефон тәркіленді. Қазір полиция оның заңсыз көші-қон ұйымдастыруға қатысы бар-жоғын да тексеріп жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: полиция