Алматыда жасөспірімдер 11 жастағы баланы ұрып-соғып, аузы мен құлағына шикі балық тыққан
Бұл туралы Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы жазды.
Алматыда 13-14 жастағы жасөспірімдер 11 жастағы баланы және ауладағы өзге балаларды қорлаған.
Әйелдің айтуынша, жасөспірімдер оның ұлын аулада ұрып-соғып, аузы мен құлағына шикі балықты аямай тыққан.
Осы оқиғадан кейін баланың анасы полицияға арыз берді.