Алматыда жедел-жәрдем қызметкерлері коронавирус жұқтыра бастады
Алматыда 18 сәуірде коронавирустық инфекцияның 43жаңа оқиғасы тіркелді. Жаңадан анықталған науқастардың ішінде жедел жәрдемқызметкерлері болды, — деп хабарлайды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментініңбаспасөз қызметі.
43 науқастың 26-сы бұрын ауырған адамдарменбайланыста екендігі хабарланған. Қалған 13 адамға карантинге жатқызылды.
Бүгін сондай-ақ, Алматы қаласында 5 адамкоронавирус індетінен емделіп шықты.
Қазақстанбойынша жазылғандар саны 366-ға жетті:
Нұр-Сұлтанқаласы – 172
Алматықаласы – 84
Шымкентқаласы – 11
Ақмолаоблысы – 16
Ақтөбеоблысы – 3
Алматы облысы – 8
Атырау облысы – 21
Жамбыл облысы – 6
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 5
Қызылорда облысы – 21
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 8
Түркістан облысы – 7