Алматыда жер сілкінді
Сейсмикалық станциялар желісі бойынша 2020 жылғы 09сәуірде Алматы уақытымен 21 сағат 36 минут 54 секундта Алматы қаласындажер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 291км жерде Қытай Республикасының аумағында тіркелген.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12.8
Магнитудасы MPV — 4.9.
Эпицентрдің координаттары — 40,92 ° N 76.63 °
Тереңдігі — 5 км.
Қабылдану туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматықаласында 2-3 балл шамасында сезілді.
Полиция департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік кезектегіпатрульдік учаскелерде ешқандай зақым болған немесе қираған жағдайбайқалған жоқ, жағдай тұрақты.
«112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ», — депхабарлады Департамент өкілдері.