Қоғам

Алматыда журналист Вадим Борейкоға қатысты сот шешімі жарияланатын күн белгілі болды

Алматыда Etude-Ybyrai құрылыс компаниясының журналист Вадим Борейкоға қарсы талап-арызы бойынша сот процесі аяқталуға жақын.

Фото: Zhas Alash

Компания YouTube желісіндегі "Гиперборей" арнасының авторынан Premier тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты жарияланымдары үшін 71,75 млн теңге өндіріп алуды сұрап отыр.

Іс бойынша соңғы сот отырысы 10 қарашада Алматы қаласы Бостандық ауданының сотында өтті. Онда тараптар сот жарыссөзіне қатысқан. Алайда БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Борейконың адвокаттарына жарыссөз өтетіні туралы алдын ала ескертілмеген.

Сот отырысынан кейін істі қарау аяқталып, шешімді жариялау 12 қараша күні сағат 10:30-ға белгіленді.

Сайт Әкімшілігі