Қоғам

Алматыда жылу болмаған жағдайда қайда хабарласу керек?

Алматыда 9 қазаннан бастап жылу беріледі. Жылу жүйесіне қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Фото: ашық дереккөзден

Алдымен жылу мектептерге, ауруханаларға және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарға, кейін тұрғын үйлерге беріледі. Жылыту жүйесіне өз бетінше араласуға болмайтынын ескерген жөн. Атап айтқанда, радиаторларды алып тастау, жүйедегі суды ағызу және осыған ұқсас әрекет апаттық жағдайға, жүйе жұмысының бұзылуына және жылу берудің тоқтауына себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ радиаторларды қалың перделермен жауып қоюға болмайды. Бұл жылудың тарауын төмендетеді. Құбырдан су ақса, жүйеде ақау болса немесе жылу берілмесе, тәулік бойы жұмыс істейтін "Жедел әрекет ету штабына" 109 нөмірі арқылы немесе Бірыңғай диспетчерлік орталықтың 225-14-31 нөміріне хабарласуға болады.

Сондай-ақ үйді басқару органына, Open Almaty және e-Otinish сервистері арқылы, сондай-ақ Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен Тұрғын үй инспекциясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жүгінуге болады.

Сайт Әкімшілігі