Саясат

Алматыда зорлық-зомбылыққа шақырған арандатушылар ұсталды

Елді тәртіпсіздік пензорлық-зомбылыққа үндеген екі ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Jasalash.kz

Олар таратқан хабарға сай, күдіктілерді шапшаңәрекет бөлімінің қызметкерлері анықтаған. Кәзір сотқа дейінгі тергеу-тексеружұмыстары жүргізіліп жатыр.

1990 жылы туған, бұған дейінтонаушылық қылмысы үшін сотталып келген О. есімді азамат пен 1987-ші жылғы С.есімді азамат, әлеуметтік желілерде,  танымал месенджерлердің көмегімен ел-жұрттыадам мол жүретін жерлерде жиналып, заңға қарсы әрекеттерге шақырған. Бұлекеуіне ҚР ҚК 272 бабының 3 бөлімі бойынша айып тағылып отыр. Олардыңіс-қимылына қатысты сараптама да жүргізіліп жатыр дейді полиция сайтында.  

Бұл екеуді Қордай ауданындағы оқиғаға қатысты ұстады ма әлде басқа ма, ол туралы полиция  сайтында айтылмайды. Ал, Қордай ауданындағы ұлтаралыққақтығысқа қатысты мәлімдеме жасаған президент Қ. Тоқаев  «Қордай ауданындағы оқиға арандатушылардыңкінәсінен туындады, олар анықталып жазаланады» деген болатын. 

ФОТО ашық ақпарат көздерінен алынды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега