Әлеумет

Алматыдағы "Аяжан" клиникасы жалған медициналық анықтамаларға қатысты тексеріледі

Алматыдағы "Аяжан" жекеменшік клиникасына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпараттан кейін Денсаулық сақтау министрлігі жоспардан тыс тексеру жүргізуді бастамақ.

Фото: ашық дереккөз

Жазбада жалған медициналық анықтамалар мен жеке медициналық кітапшалар рәсімделуі мүмкін екені айтылған.

Ведомствоның мәліметінше, заңбұзушылықтар расталса, уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайды.

Министрлік медициналық құжаттар қажетті дәрігерлік тексеру мен зерттеулерден кейін ғана берілуі керектігін еске салды.

Сондай-ақ жалған құжат жасағандарға ғана емес, оны әдейі сатып алған немесе пайдаланған адамдарға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Сайт Әкімшілігі