Аймақ

Алматыдағы «Барлық» базарында өрт шықты

Алматыдағы «Барлық» базарының аумағында өрт шықты.Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, базар аумағында орналасқан фастфуд дүңгіршектері өртенген.

Jasalash.kz

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:34-те Наурызбай ауданы, Алматы — Ташкент тасжолы бойындағы «Барлық» базары аумағында, 40 шаршы метр алаңда жұмыс істемейтін фастфуд дүңгіршектері өртенді.

Сағат 14:55-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ, өрт себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега