Қоғам

Алматыдағы блок-бекеттегі апат: үшінші полицей есін жиды

Қоғамдықденсаулық сақтау басқармасының өкілдері үшінші полицейдің жағдайын айтты.

Jasalash.kz

«Науқастыңжағдайы тұрақталды. Есін жиды, сұрақтарға жауап бере алады. Қай жақта екенін,уақыт қанша екенін біледі. Бірақ басы әлі де ауырады, сондай-ақ, басы айналады.Палатада өз бетінше қимылдап, жүре алады», — деді денсаулық сақтаубасқармасындағылар.

Мұның алдында 26жастағы полицей Ербұлан Сейдазымның ауыр жағдайда екені хабарланған еді.

Еске салайық, 25 мамырда таңғы сағат05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданыКөксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыркөшесінің қиылысында №4 блок-бекетке барып соғылып, инерциямен патрулдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицейболған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталғанфакт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега