Қоғам

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешеніндегі жарылыстан екі бала зардап шекті

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешеніндегі үш қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға Қаппаров көшесіндегі тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша, бұған табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Жарылыстан кейін өрт тұтанбаған.

"Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды. Дәрігерлер оларды тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберді. Балаларды ауруханаға жатқызу қажет болмаған", – деп хабарлады әкімдік.

Қазір жауапты қызметтер оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.

Сайт Әкімшілігі