Қоғам

Алматыдағы "Қалқаман" метро станциясы 1 желтоқсанда ашылуы мүмкін

Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданын жұмыс сапарымен аралау кезінде мәлімдеді.

Фото: әлеуметтік желіден

Әкімнің айтуынша, станциядағы құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ станция маңындағы аумақ абаттандырылып, шамамен 400 автокөлікке арналған тұрақ орны жасалған.

Бұдан бөлек, алдағы үш жылда метро желісін батыс бағытта тағы үш станцияға ұзарту жоспарланып отыр.

Сайт Әкімшілігі