Қоғам

Алматыдағы UIB университетіне бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті

20 қазанда Алматыдағы Халықаралық бизнес университетінің (UIB) электронды поштасына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Фото: ашық дереккөз

Бұл жөніндегі ақпарат полицияға сағат 10:40-та жеткен.

Хабарламада Абай даңғылы, 8а мекенжайында орналасқан оқу ғимараты туралы айтылған. Қауіп туралы мәліметті тексеру үшін ғимаратты университет күзеті мен учаскелік полиция инспекторлары өздері қарап шықты.

Кейін жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмағаны белгілі болды. Университет әдеттегі жұмыс тәртібін жалғастырып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: UIB Алматы Бомба