Қоғам

Алматылық әйел ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

Алматы тұрғыны бұрынғы күйеуіне "ішіне жын кіргені" туралы хабарлама жолдап, ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, — деп хабарлайды Жас Алаш.

Jasalash.kz

Алматы полициясы 1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелген.

«Сондай-ақ, сол күні әйел бұрынғы күйеуіне аудио-хабарлама жолдап, онда ішіне жын кіріп, ұлын оның қолымен өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам үйіне келіп, бұрынғы әйелі мен ұлының өлі денесін тапқан», — деді полиция өкілдері.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега