Әлеумет

Алматылық медицина ұйымдарына 72 млрд теңге төленді

2019 жылға бекітілгенкелісімшарттың жалпы сомасы 114 млрд теңгеден асып жығыладыЖыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберіндеалматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 72,3 млрд теңгетөленді.

Jasalash.kz

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматыфилиалы хабарлады.

«Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегінмедициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызметкөрсету 2020 жылы басталады», – деді МСҚ Алматыфилиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

Естеріңізге сала кетсек, Медицинадық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілгентегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысынтөлей бастамақ.

Жалпы, Алматы қаласында178 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырыстыорындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншікклиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 114,6 млрдтеңгені құрап отыр

Фото: 24tv.ua

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега