Алматылықтар сайлау учаскесінің мекенжайын қалай анықтай алады?
Алматы қаласының тұрғындары сайлау учаскесінің мекенжайын Telegram-бот арқылы анықтай алады.
Бұл туралы Жас АЛАШ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінесілтеме жасап хабарлайды.
SAILAU_ALMATY2019 Telegram-боты (web.telegram.org/#/im?p=@Sailau_Almaty2019Bot) алматылықтарға өзін және жақындарын сайлаушылар тізімінен тексеруге, сондай-ақ өз сайлау учаскесінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді.
Чат-ботты пайдалану үшін Telegram-ның іздеу жолағына SAILAU_ALMATY2019 атауын жазу, қосылу және «старт» командасын басу қажет. ЖСН енгізілгеннен кейін виртуалды көмекші сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын жібереді.
Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына мына нөмір арқылы хабарласып, кеңес алуға болады: + 7 727 224 22 22 (сағат 8.00 — 23.00, демалыссыз).
Сондай-ақ ыңғайлы болу үшін Алматы қаласы әкімдігінің және Open Almaty қоғамдық қабылдауының (open-almaty.kz/kk) сайттарында арнайы бөлім құрылды, оның көмегімен ЖСН енгізу арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.