Алматылықтар «Желтоқсан» мен «Жаңаөзен» құрбандарын еске алды
Алматы жұртшылығыТәуелсіздік күнінде «Желтоқсан» және «Жаңаөзен» құрбандарын еске алды.
Бүгін Алматы жұртшылығытаңғы сағат оннан бастап Тәуелсіздік алаңына жиналды. Шаһар басшысы БақытжанСағынтаев бастаған бірқатар шенділер «Тәуелсіздік» монументіне тағзым етіп, гүлшоқтарын қойғаннан кейін, бас-аяғы 30-40 минут ішінде шараның ресми бөлігін аяқталып,жиналғандар «Қазақ болып тумағанда нетер ем» әніне флешмоб жасап, видеоғатүсті. Қала әкімшілігі мен ресми органдардан бірде-бір адам сөз сөйлеген жоқ.
Сағат 12:00шамасында алаңға «Қазақстан демократиялық партиясын» құрушы топ өкілдері мен «ОянҚазақстан» қозғалысының мүшелері жиналды. Төлеген Жүкеев, Жанболат Мамай, ИнгаИманбай, Рысбек Тоқтасын бастаған топ өкілдері Желтоқсан мен Жаңаөзенқұрбандарына құран бағыштап, монументке гүл шоқтарын қойды. Ал Димаш Әлжановпен Әсем Жәпішева бастаған «Оян Қазақстан» қозғалысының мүшелері митинг ұйымдастырды. Ұйым мүшелері Желтоқсанжәне Жаңаөзен оқиғаларын еске ала отырып, бір адамға негізделген Назарбаеврежиміне қарсы екендіктерін, президенттік басқару формасынан парламенттік жүйегеауысу қажеттігін айтып, билікке бірқатар талаптарын қойды.
Осыдан кейін «Шалкет», «Саяси тұтқындарға бостандық» деп ұрандаған 100-ден астам адам Сәтбаевжәне Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы «Желтоқсан құрбандарына» арналғанескерткіштен Республика алаңындағы «Тәуелсіздік монументіне» қарай шеп құрыпбағыт алды. Жиналғандарға полиция мен әкімдік өкілдері бұл шараның заңсызекендігін айтып, тарауларын сұрады. Бірақ жиналғандар олардың бұл сөздерінеқұлақ аспады. Қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлы жиналған адамдарға «Шал кет»деп ұрандатудың ешқандай мәні жоқ екендігін, оданда халықты оятатын, нақтықадамдар жасау қажеттіген айтты. Оның сөзінше, қазір халық бірігіп, күш болуытиіс.
Түстен кейін сағат15:30 шамасында Желтоқсан көшесімен төмен қарай «Шал кет», «Оян Қазақстан» депұрандатып, «Назарбаевсыз Қазақстан», «Мұрагер мен Қастерге саяси баспана берудіталап етеміз» деген плакаттаттар ұстаған бір топ белсендіні полиция ұстады. БАҚөкілдерінің мәліметінше, 40 адам ұсталған.
Әзірге құзырлыоргандар аталмыш оқиғаға байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Фотоларды автор ұсынды.