Алматының базарында тал түсте атыс болды (видео)
<p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"="">Алматының қақ ортасындағы Сары Арқа базарында тапа тал түсте атыс болды.
<p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"="">Деректерге қарағанда саудагерлер мен базар күзетшілері автотұраққа таласып қалған, деп хабарлады "Астана" арнасы.<p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"="">Куәгерлердің айтуынша дауласып қалған екі топ мәселені суық қарумен шешпек болыпты. Пышақтан кейін күзетшілер мен саудагерлер қолдарына тапанша алған. Сөйтіп олар бірін-бірі Ұлықбек көшесіне дейін тырқыратып қуған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.<p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"=""><p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"="">Бұл кикілжіңге қатысты базар әкімшілігі тіс жармады. "Іс — құқық қорғау органдарының құзырында" деп құтылды. Саудагерлер де ақ-қарасын ашып айтпады. Жаппай төбелеске қатысқандар сол күні ұсталды. Пышақ ұстаған да, тапанша асынған да уақытша оқшалау абақтысында отыр. <p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"="">«Бұл фактіні Әуезов аудандық ПБ Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Қылмыс құралы – газ тапаншасы тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Атыстың салдарынан жарақат алғандар жоқ», — деп атап өтті қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.<p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"="">Зардап шеккендер болмағанның өзінде бұзақылар заң алдында жауап береді. Өзгелердің өміріне қауіп төндіргендер 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.