Оқиғалар

Алматының Әуезов ауданында 5,1 гектар аумақ көркейтіліп, 33 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру ортасы жақсарды

Алматының Әуезов ауданында 5,1 гектар аумақ көркейтіліп, 33 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру ортасы жақсарды

Фото Алматы әкімдігі

Алматының Әуезов ауданындағы №7 және №12 шағынаудандарда кешенді көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы аумағы 5,1 гектар жер жаңартылып, тұрғындардың серуендеуіне, демалуына және спортпен шұғылдануына арналған заманауи қоғамдық кеңістіктер жасалды.

Жұмыс Алтынсарин даңғылынан Янтарная көшесіне дейінгі, сондай-ақ Абай даңғылынан №12 шағынаудандағы №16 үйге дейінгі аумақты қамтыды.

Фото Алматы әкімдігі

Жоба аясында жүргіншілер жолдары жаңартылып, балалар ойын алаңдары мен тұрғындардың демалуына арналған орындар жабдықталды. Сонымен қатар аумаққа 112 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылып, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері жүргізілді.

Фото Алматы әкімдігі

Жүргіншілер инфрақұрылымын жақсарту аясында 5,2 мың шаршы метр аумаққа асфальт, 6,1 мың шаршы метр жерге жүргіншілер жолының жабыны төселді. Тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды. 

Фото Алматы әкімдігі

Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Жалпы 11 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 1,5 мыңнан астам ағаш пен бұта егілді. Жасыл желекті көбейту қоршаған ортаның жағдайын жақсартып, тұрғындардың демалуына қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. 

Қоғамдық кеңістіктердің қауіпсіздігін арттыру үшін 124 бейнебақылау камерасы орнатылып, аумақ жарықтандырылды. Бұл жаңартылған орындарда кешкі уақытта да серуендеп, демалуға қолайлы жағдай жасайды.

Фото Алматы әкімдігі

Көркейту жұмыстары 33 мыңға жуық тұрғын тұратын аумақты қамтыды. 

Әуезов ауданында қоғамдық кеңістіктерді жаңарту, жасыл аймақты кеңейту және тұрғындарға қолайлы қалалық орта қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Алматы