Саясат

Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов Швейцариядағы қылмыстық істің жабылғанын мәлімдеді

Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов Швейцариядағы қылмыстық істің жабылғанын мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Виктор Храпуновтың айтуынша, 2026 жылғы 23 маусымда Женева апелляциялық сотының Қылмыстық істер палатасы Алматы қаласының Женева прокуратурасының қылмыстық істі тоқтату туралы шешіміне берген шағымын қанағаттандырмаған. Алматы бұл шешімге бұдан әрі шағым түсірмегендіктен, ол заңды күшіне енген. 

Храпунов бұл шешімді "заң бойынша толық ақталу" деп бағалаған. Алайда швейцариялық Gotham City басылымының мәліметінше, іс ақтау үкімімен емес, қылмыстық қудалау мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған.

Швейцариядағы тергеу 2012 жылдан бері жалғасып, Храпуновтар отбасына қатысты, оның ішінде ақшаны жылыстату күдігі тексерілді.

Ал Қазақстанда 2018 жылы Виктор Храпунов сырттай 17 жылға, оның жұбайы Лейла Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айрылған. Forbes Kazakhstan мәліметінше, Швейцариядағы істің тоқтатылуы Қазақстанда шығарылған сырттай үкімдердің күшін жоймайды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Храпунов