Оқиғалар

Алтын Емел ұлттық табиғи паркінің аумағынан өрт шықты

Алтын Емел ұлттық табиғи паркі аумағында өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді.

Өрттің аумағы 2 га жерді қамтыған.

Кеше түнде Кербұлақ ауданында Алтын Емель МҰТП аумағында Іле өзенінің бойында құрғақ қамыс пен бұталар өртенді. Өрт жалпы ауданы 2 га жерде жойылды. Өртті сөндіруде 45 адам және 12 бірлік техника ТЖД, ЖАО және Алтын Емель МҰТП күштері мен құралдары жұмылдырылды, делінген хабарламада. 

Өрттің себебі анықталуда.

Фото: ҚР ТЖМ

Nurbike Beksultan
Тегтер: Алтын Емел