Саясат

Аманат азаматтық платформасы: Сайлауда 14 бұзушылық тіркелді

«Аманат»азаматтық платформасының ұзын-саны 10 мыңға жуық бақылаушысы мен 400-ден астаммобильді капитаны барлық облыстағы сайлау учаскелерін бақылап жүр.

Jasalash.kz

         «Жалпы, сағат 11:00-ге дейін 14бұзушылық тіркелді. Сәйкесінше, олар бойынша актілер құрылды,бұлар күрделі емес,болмашы сипаттағы бұзушылықтар. Яғни техникалық-ұйымдастырушылық сипаттағы кемшіліктер. Сонымен қатар50-ге тарта ауызша ескерту жасалды және олар бойынша сайлау комиссиялары шұғыл шешім қабылдады», — деді «Аманат»азаматтық платформасының өкілі Мұрат Әбенов.

         «Аманаттың» бақылаушыларыбейтарап ұстанымда екенін айтқан М.Әбенов басқа бақылаушыларды да заң талаптарынқатаң ұстауға шақырды.

    «Біз арнайы кодекс әзірледік.Онда біз мақсатымызды айқындап,бұзушылықтар анықталған кезде қандай іс-қимылдар жасау керектігін көрсеттік», — деді.

         Жаңадан құрылған «Аманат» азаматтықплатформасына түрлі қоғамдық ұйым өкілдері мүше. Бұл плафторма сайлауғақоғамдық мониторинг жүргізуде. Еліміздегі әр сайлау учаскесіне «Аманаттың»атынан бір адамнан бекітілген.

         Орталық сайлау комиссиясыныңмәліметінше, елде 9970 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал Қазақстаннан тыс жерде51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған. Қазақстанда дауыс беру құқығына ие 12миллионға жуық сайлаушы бар.

     Фото: ru.sputniknews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега