Саясат

AMANAT партиясының съезі өтті – делегаттар «Әділет» партиясына қосылуды ұсынды

Amanat партиясы Әділет партиясымен бірігеді.

Фото: ЖИ / Жас Алаш

Бұл туралы Amanat партиясының XXVI съезінде мәлім болды.

«Бүгінде біз жаңа даму бағытына қадам басып жатқанда, Мемлекет басшысы ел бірлігі мен қоғамның топтасуының маңызын айтып отырған тұста, өз тарихымыздың да жаңа бетін ашуға батылдық танытуымыз керек. Біздің партия әрдайым: "Өзгеріс өзімізден басталады“ деген қағиданы ұстанып келеді. Сондықтан дәл қазір уақыт талабына, мемлекет мүддесіне және қоғам сұранысына сай келетін қадам жасауымыз қажет.

 

Бүгін елге жаңа бөліну сызықтары емес, жаңа бірігу нүктелері керек. Осы жауапты сәтте біз жаңа саяси Әділет партиясымен күш біріктіріп, ортақ ресурстарымызды жұмылдыруымыз керек», – деді Ерлан Қошанов.

Сайт Әкімшілігі