Саясат

Әмірбек Оспанбеков Президенттің Парламенттегі өкілдігі басшысы қызметінен босатылды

Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әмірбек Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігі басшысы қызметінен босатылды.

Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Оспанбеков Амирбек Қанатбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Әмірбек Оспанбеков бұл қызметке 2022 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Сайт Әкімшілігі