Әнімді Елбасыға арнаймын
«Астана Опера» театрының әртістеріне Елбасыға арналған операны орындаудан бас тартқаны үшін қысым көрсетілген.
Бұл туралы журналист Әсем ЖАПІШЕВА өзінің фейсбук парақшасында жазады.
«Мәжілістің вице-спикері Гүлмира ИСИМБАЕВАНЫҢ ұлы Рахат-Би ӘБДЫСАҒИН Елбасыға арнап бүтін бір опера жазған. Кейіннен „Астана Опера“ театрының әртістеріне шығарманы орындау туралы ұсыныс айтқан. Алайда, алғашында әртістер „Путь, освещенный солнцем“ атты операны орындаудан бас тартқан екен»,- делінген жазбада.
Айта кетейік, «Астана Операның» баспасөз қызметі бұл мәліметтерді жоққа шығарып отыр. Өздеріне қысым көрсетілмегенін, мұндай операның премьерасы 5 және 8 шілде күні өтетінін де теріске шығарды.
Фото: yunews.kz