Сараптама

Әнипа Назарбаеваның компаниясының қарызы 2,9 млрд теңгеге өсті

1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қытайдан тауар контрабандасы ісі бойынша айыпталған Group of the Companies TDA компаниясының салық берешегі 95,2 млрд теңгені құраған.

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандағы ең ірі қарызы бар компаниялар арасында ол бұрынғыдай төртінші орында тұр. 

Бұған дейін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Group of the Companies TDA компаниясын банкрот деп тану туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Бұл компанияның ортақ иелері — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған қарындасы Әнипа Назарбаева және оның серіктесі Әли Қылышбаев.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша компанияның бюджет алдындағы салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі 99,2 млрд теңгеге жеткен.

Сайт Әкімшілігі