Оқиғалар

«Аңызбен өмір сүруді тоқтату керек»: Almaty Superski тыңдауында жобаны қолдау және тауды дамыту туралы үндеулер айтылды

Almaty Superski жобасына арналған қоғамдық тыңдауда қоғам белсендісі Мұхтар Тайжаннің сөзі залда қызу қолдау тапты. Қатысушылар бірнеше рет қол соғып, жастар «Біз жобаны қолдаймыз!» деп ұрандатты.

Фото: ашық дереккөз

Өз сөзінде спикер жоба төңірегіндегі талқылау ұзақ уақыт бойы «аңыздар мен қорқыныштардың» аясында қалып қойғанын айтып, аталған аумақты дамыту қажет екенін мәлімдеді.

«13 жыл өтті. Бұл неге алып келді? Адам өлімі, жарақаттар, қоқыс, тапталған соқпақтар, ластанған аумақтар», – деді ол.

Тайжанның айтуынша, инфрақұрылымның болмауы табиғатқа түсетін салмақты одан әрі күшейткен.

Сондай-ақ ол жоба аясында тұрғын үй кешендері салынбайтынын ерекше атап өтті.

«Ол жерде тұрғын үй кешендері де, қоршаулар да болмайды. Жер мемлекет меншігінде қалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтайды», – деді қоғам белсендісі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Көкжайлау