Қоғам

Әнші Мөлдір Әуелбекова жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны бейнеленген бейнеролик анықталды. Бейнероликтен әнші Мөлдір Әуелбекованың қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінеді.

Фото: әлеуметтік желіден

Тексеру нәтижесінде 38 жастағы жүргізушінің автокөлікті қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарғаны және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны белгілі болды. Сонымен қатар көліктегі жолаушылардың да қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларға қатысты да тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Сайт Әкімшілігі