Оқиғалар

Анталияда Қазақстан азаматы жол апатынан қаза тапты

Түркияның Анталия қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты.

Фото: IHA

Оқиға Серик ауданында, Белек туристік тас жолында жергілікті уақытпен шамамен сағат 03:00-де болған. Велосипедпен келе жатқан 27 жастағы Қуат Аманбеков таксиге соғылған.

Апат салдарынан жас жігіт ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция жеткенімен, дәрігерлер оның көз жұмғанын растаған.

Ақпаратқа сәйкес, марқұм Анталиядағы бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген.

Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін оның денесі Анталиядағы мәйітханаға жеткізілді.

Такси жүргізушісі полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алынып жатыр. Қазіргі уақытта жол апатына қатысты тергеу басталған.

Сайт Әкімшілігі