Қоғам

Апатқа ұшыраған ұшақты кімдердің басқарғаны белгілі болды

Апатқа ұшырағанұшақ экипажының аты-жөні белгілі болды. Бұл жөнінде Индустрия жәнеинфроқұрылымдарды дамыту министрлігі мәлімдеді.

Jasalash.kz

Ведомствамәліметінше, әуе кемесінің капитаны – Мұратбаев Марат Ғаниұлы (1961 жылы 7наурызда дүниеге келген) болған. Капитандық куәлігі «ATPL № 000179» 2024 жылдың сәуір айының 26-ына дейін жарамды.

Екінші ұшқыш – Молдақұлов Мейіржан (1965 жылы 4 мамыр күні туған). Куәлігі«ATPL № 000796» 2022 жылдың 6 наурызына дейін жарамды.

Бортсеркітер:Валиулина. М, Сахов. М. А және Османов. Р. Д болған.

Қазірге уақытта «Бэкэйр» әуе компаниясының жұмысы уақытша тоқтатылған. Төтенше жағдайларкомитетінің мәліметінше, апаттан 15 адам көз жұмған.

Бүгін таңғы сағат7-22 шамасында Талғар ауданындағы Гүлдала және Әлмерек елді мекендерініңортасында «Бэй эйр» компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшақбортында 93 адам болған.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега