Аймақ

Ақмола облысында карантин күшейтілді

16 қазаннан бастап Ақмола облысында карантин күшейтілді. — 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді; түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру); — демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды; — такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс; — саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды; — аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі.

Jasalash.kz

Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады;

— жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;

— азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді;

— қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

— мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;

— ХҚО жұмыс кестесі шектеледі;

— фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

— 5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

— пошталар сағат 14:00 дейін ғана жұмыс істейді

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега