Ақмола облысында мас жүргізуші әйелін көлікпен қағып өлтірді
Оқиға Аршалы кентінде болған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам алкогольдік мас күйде ВАЗ-2114 көлігін басқарып, әйелін қағып кеткен.
Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
Осы дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші ұсталып, сот оны қамауға алуға санкция берді.