Сараптама

Ақпақұлақтардың азабы, жүз ұшаққа жүк болады

Ел басшыларының ескертуін елеместен 435 мыңотандасымыз шетелге демалуға кеткен.Бірде хан Қожанасырды шақырып алып, алдына ақшақойыпты да, былай депті:– Қожеке, мынау бір сом мен бір тиын.

Jasalash.kz

Осыныңқайсысы көп, соны айтшы?

Қожа ойланып тұрып:

– Әрине, бір тиын көп, – депті.

Таңғалған хан:

– Неге бір тиынды көп дейсің? Себебін айтшы…

– Себебі бір сом дегенде алты әріп бар. Ал біртиын дегенде жеті әріп бар. Өзіңіз айтыңызшы, алты көп пе, жеті көп пе?

     Осыәзілге күлесің, күлесің де, дәл осындай қисынсыз қылықтардың азаймай тұрғанынатаңғаласың. Әрине, ақшасы көптердің алшаң басатын заманы келді. Біздің қоғамдадолларға дуаланған  Қожанасырлар көбейіпкетті. Олар тіпті тосыннан келген тәжтажалды да алдап кетуге әзір секілді.

Уханнан «Бізді құтқарыңдар!» деген дабыл түскен бойдаеліміздің құзырлы орындары отандастарымызды елге алдырудың қамына мықтап кірісті.Артынша Оңтүстік Кореяда жүрген 35 мыңнан астам қандасымыздан  өтініш түсе бастады. Әлгі коронавирусыңыз көбейгенсайын, Қазақстан азаматы  екендіктерін есінетүсіргендер еселеп көбейді. Тіпті өзіміз ұшақ жіберіп үлгере алмай, өзге елдерарқылы оралғандар қаншама?! Осы орайда, сыртқы істер министрлігінің өкілдері:  «Күн сайынбізге қазақстандықтарды елге қайтаратын рейстер жөнінде көп сауал келіп түседі.Азаматтарымызды елге жеткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. 1-23наурыз аралығында Air Astana шетелден 37 500-ден аса қазақстандықты алып келді.Наурыздың аяғына дейін бұл сан 40 мыңға жетеді. 29 наурызда барлық халықаралықрепатриациялық рейстер тоқтатылады», – деген еді.

      Шынынайтсақ, бұл енді нағыз азаматтық, қайырымдылық. Бұған қоса, президент бастап, үкіметжәне басқа да құзырлы орган басшылары қостап, ел азаматтарынан ешқандай сапарғашықпауын күнде ескертіп жатыр. Бірақ елімізде сөз өтпейтін ақпақұлақтардың  көптігіне қайран қалмасқа амал жоқ.

Кейбір деректерге қарағанда, жолдамамен 4556қазақстандық азамат  шетелде әлі күнге демалысынжалғастырып жатыр. Туристерді елге қайтару бойынша шаралар қабылданып жатқанымен,алдағы уақытта жағдайдың қалай болары, кездейсоқ кедергілер әзірше белгісіз.Осылайша басымыз қатып жатқанда еліміздің 435 мың азаматы 27 ақпан мен 16наурыз аралығында сыртқы істер министрлігінің ескертулеріне  пысқырмастан шетелге демалуға кетіпті. Анау-мынауемес, жай демалуға. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі  Айбек Смадияров хабарлады.

— Бұл деректер алаңдаушылық туғызады. Сыртқы істерминистрлігі 27 ақпанда азаматтарымыз үшін мәлімдеме таратып, біріншікатегориялы елдерге бармауды, ал екінші категориялы елдерге сапарды кейінгеқалдыруды сұраған едік. Бұдан ұйымдар мен туристік қызмет

көрсететін компаниялар хабардаржәне олар бұл мәселені туристік және іскерлік сапарларды ұйымдастырушыларғажеткізуге тиісті еді», – дейді ресми өкіл.

      Олардыңбасым бөлігі табиғаты жылы елдерге аттанған. Мәселен, Мысырға – 5616, БіріккенАраб Әмірліктеріне  – 6778, Түркияға –8327, Таиландқа – 1342, Мальдиви аралдарына 487 отандасымыз сапарлап кеткен.Тізімде  Мексика, Доминикан Республикасы,Буркина-Фасо, Бразилия да бар.

Енді олар көмек сұраса, не істемекпіз?  Мемлекет ақшасын енді соларға шашуымыз керекпе? Олар ем алады, демалады. Ал азабын қарапайым халық тартуы керек пе?!

    Біріншіден, мемлекеттің ақшасы халықтыңсалығынан жиналады. Екіншіден, тыраштанған туристердің соңынан келген дерттіжоюға да қаражат сол халықтың қалтасынан жұмсалады. Одан қала берсе,тыныққандардан тұншығатын ауруды сау жүрген біз де жұқтырып алуымыз бек мүмкін.Мұны арамыздан шыққан жаумен теңеуге де болады. Әйтеке би бабамыз:

«Арадан шыққан жау қиын,

Тарылмайтын дау қиын.

Шанышқыласа сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаса серт қиын», – деген екен.

 Әлгі біздіңәпенді азаматтар осындай ұлылардың өсиетін ескермегені түгіл, оны оқымағаны,білмейтіні де анық. Олар сөзге де тоқтамайтын тоқ адамдар. Осылайша «Біреутойып секіреді, біреу тоңып секіредінің» кері келіп тұр. Мұны айтып отырғансебебіміз – шетел асқандардың «қарны тоқ, қайғысы жоқ» екендігіне дау жоқ.Тіпті олардың бірқатары жауапты қызметте жүргендер. Солардың отбасы, тағыбасқа. Қазір елге оралып жатқан студенттердің бір бөлігі бай-бағландардыңұл-қызы. Коронавирусқа шалдыққандардың аты аталмауының арғы жағында да төсектартқандардың біразы шенеуніктер екенінде жатса керек-ті.

 Қазірұлттық әуетасымалдаушылар көптеген елдерге сапарын қысқартты. Осындай жағдайдыңжерлестерімізді ойландырмағаны өкінішті. Қайта олар туристік жолдамалар құныныңарзандығын өздерінше пайдаланып қалуға бел буған сыңайлы. Сөйтіп, көрші елдерарқылы жолға шыққан. Мысалы, Ресей арқылы – 174 378, Қырғызстан арқылы – 118 199, Өзбекстан арқылы  109 125 адам шетелге аттанған.

  Өркениетті елдердің өзі өкпесі қысылып жатқантұста олардың елге оралуы көптеген қиындық тудырады. Айталық, рейстер кейінгешегерілген. Кейбір мемлекеттерде әуежайлар ұшақ қабылдамайды. Осы мәселелердішешуге атсалысып жатқан сыртқы істер министрлігі әзірше адами факторды алғақойып отыр.  Есесіне сөз ұқпайтындарқұзырлы орындардың ескертуіне елең етпегені өкінішті. Бұл туралы бізге пікірбілдіргендер де айтты.

Жабал Ерғалиев, Қазақстанның еңбек сіңіргенқайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі: «Төтенше жағдайдың талаптарын орындау– ұлт алдындағы жауапкершілік. Әлем алаң күйде отыр. Мына індет Жер шарынатарап барады. Коронавирус бізге де жетті. Алғашқы кісі өлімі де тіркелді. Осыіндеттің ауыр зардабын тереңінен саралаған президентіміз Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан бойынша төтенше жағдай жариялап, халыққа телевизиялық үндеу жолдады.Еліміздің екі ірі мегаполисі – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантинніңенгізілуі бұл індеттің аса қауіпті екенін білдірсе керек. Қазір барлық қалалармен елді мекендерде сақтық жұмыстары қолға алынды. Әуелде бұл індеткежүрдім-бардым қарап, баяғы қазақы «е, не қылар дейсің» деген жайбарақаттық таболды. Биліктің және жергілікті жерлерде дәрігерлердің тиянақты жұмыстаржүргізулерінің арқасында халық бұл індетпен «ойнауға» болмайтынын ұғынды.

 Жалпы,төтенше жағдайдың бар талаптарын орындау ұлт алдындағы жауапкершілік екенінсезінуіміз керек. Бетін аулақ қылсын, ең әуелі өзімізді, өз отбасымызды, оданқалды, айналамыздағы адамдарды сақтау – қазіргі басты міндет. Ол үшін сабыр менақыл-парасат, шыдамдылық керек. Үйлеріңізде отыр деді ме, отырайық! Жалпы, бізсоңғы жылдары қу тіршіліктің қамы үшін отбасында түгел жиналып, пікірлесіпотыруды мүлдем азайтып алған халықпыз. Баланың өз шаруасы бар, немерелерімізболса мектебі мен түрлі дайындықтарда жүреді дегендей. Міне, осы бір үйдеотырғанымызды пайдаланып, өз ұрпағымызбен пікірлесіп, олардың ой әлеміне,кісілік келбетіне назар аударудың бір мүмкіндігі туғандай.

 ҚазірҚазақстандағы коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі алыс және жақын шетелдергебарып келгендер екені туралы да ақпарат айтылып жатыр. Әрине, біздің халқымыз қазір әлемнің кез келген еліне барып жүр.Дұрыс-ақ. Қалтаң көтеріп тұрса ел көргенге, жер танығанға не жетсін?! Тіптімұны қазақ баласы үлкен дәреже санап, мақтанышқа айналдырды. Мектепте оқыпжүрген немеремізден-ақ кімнің қай елге барғанын біліп отыратын болдық. Шетелгебарғанды аузынан ана сүті құрғамаған балаға шейін мақтанатын дәрежеге жеттік.Ал енді қазіргідей жағдайда, мына жұқпалы індет қауіп төндіріп тұрған сәтте солшетелге баруды тоқтата тұрған дұрыс. Осыны түсінбейтінімізге қайранмын. Немесешетел асып кеткендердің жаны аман қала ма екен? Немесе әмияны қалыңдарды індетпен ажал алмайды деген қағида бар ма? Әрине, бәрімізді бір Құдай сақтары анық.Алайда «сақтансаң сақтармын» деген де бар.

 Біздіңхалқымыз талай қиындықтарды басынан өткізген және өзінің бірлігімен,ақыл-парасат, сабырымен бәрін де жеңген халық. Ұлтын, ұрпағын сақтауға келгендеқандай да бір ерлік те жасай білген. Ұлтымыз бен ұрпағымыз үшін тәртіп,тазалық, сабыр сақтайық! Бір Алла халқымызға пана болсын!» – дейді.

  Осы жердеҮндістанда өте ауыр жағдайда қалып қойған белоруссиялық туристер туралы айтакетпеске болмас. Шетелде демалып жүрген осындай азаматтары туралы Белоруссияпрезиденті Лукашенко  ешқандай көмеккөрсетілмейтінін ашық айтты. «Өздері кетті, өз қаражатымен жетсін!» деді ол.Мұның астарын түсініп отырған боларсыздар. Ал Қазақстан ондай қадамға барғанжоқ. Есесіне қалталы азаматтарымыз барын шашудан бәсекелесіп жатыр. Олар нағызел азаматы, нағыз ел патриоты болса, туристік сапарға шашқан қаражаттарын қиынсәтте халық игілігіне неге жаратпады?

 ҚазірҚазақстан азаматтарының дені Еуропа мен АҚШ-та көрінеді. Олардың көпшілігі  сол жақта өз еріктерімен қалған.   Өйткені жолда дерт жұқтырып алудансақтанған. Дәл осындай патриотизмді Оңтүстік Кореяда жүрген жапон азаматы дакөрсетті. Ол Жапонияға коронавирустың таралуына себепші болмайын деген оймен еліші сауыққанша Кореяда тұруға бел буыпты. Ал біздің тұрғындарымыз елге қарайтұра шапты. Араларында ауырып келгендері де бар. Тіпті әлемнің әр қиырында бір-бірлепжүргендер табылды. Мәселен, бір отбасы Камбоджада, енді бірі Филиппинаралдарының бірінде демалса, Маврикия, Кения, Кубадан телефон шалып, көмексұраушылар бар екен. Олардың әрқайсысына ұшақты қалай тауып береміз?  Осы секілді қиындықтардың алдын алу үшін сыртқыістер министрлігі ел-жұртты әлем дүрліккен уақытта кез келген сапарға шығуданбас тартуды  ескертеді. Ал жауапсыздықкез келген уақытта жарға жығады.

  Гүлшат Нұрымбетова, саяси ғылымдар докторы,профессор: «Кімнің кім екені, мемлекеттің, биліктің қабілет-қарымы мен сынқатерге қарсы тұра алатын беріктігі осындайда көрінеді. Елімізде жарияланғантөтенше жағдай мен басты қалаларымызда күшіне енген карантин ұлттық қауіпсіздікісіндегі барымыз бен жоғымызды анық көрсетті. Тұтастай алғанда Қазақстанкоронавирусқа қарсы күресте талап биігінен көрінуде. Әлемдік тәжірибеден тиістіқорытынды шығарғанымыз оңтайлы нәтижесін беруде.  Мәселен, жаһан бойынша алсақ, бұл дерттен көзжұмғандардың үлесі 4-5 пайыз шамасында екен. Бізде шығын жоқ емес, бірақ,құдайға шүкір, әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен.

 Қазірмақтанатын уақыт емес. Қайта кемшілігіміз бен қайшылығымызды дәлме-дәл анықтапалудың маңызы зор. Біріншіден, мемлекеттік тәртіпке бағынуды міндеттісанамайтын азаматтарымыз аз емес көрінеді. Әйтпесе Қытайда коронавирустыңкүшіне енгені қаңтар айында белгілі болды. Дерттің беті ауыр екені, сырттағыазаматтар елге қайтқаны жөн екені айтылудай айтылды. Бірақ құлақ қойған жанжоқ. Ол аз болса, соңғы сәтке дейін таяу-алыс елдерге саяхатқа шығуынтоқтатпағанын қайтерсіз. Күні бүгінге дейін Еуропа мен Америкадан, Азия менАфрикадан қазақстандықтар үздік-создық қайтып жатыр. Егер мемлекетшілдігі менотансүйгіштігі мығым болса, бұлар мұндай бассыздыққа жол бермес еді. Осындай«өзімбілемшілдік» ел ішіндегілерге де тән. Оған дәлел – Алматы мен Нұр-Сұлтанғасырттан рұқсатсыз кіруге тырысып, қамауға алынып жатқандар жүздеп саналады.Екіншіден, мемлекетшілдік санасы қалыптаспағандардың, жауапкершілігі төмен,құқық бұзуға даяр жандардың қарасы көп екен. Әйтпесе бір жапырақ шүберекті –бетпердені, қол жуатын спиртті әкесінің құнындай қымбатқа сатушылар қайданшықты? Үшіншіден,  билік органдарыныңоралымсыздығы көзге түседі. Менің ойымша, карантинді Алматы мен Нұр-Сұлтандағана емес, миллионнан аса тұрғыны бар Шымкентте, тұрғыны көп Қарағанды менАқтөбе сияқты қалаларда бірден жариялаған жөн еді. Жинақтай айтқанда,коронавирус індеті аспаннан түскен жоқ. Ол – адамның іс-әрекетінен туындағанвирус. Оның бетін қайтару да, жою да, таралмауын қамтамасыз ету де адамның,биліктің саналы іс-әрекетімен жүзеге асады».

  Иә, күнсайын көбейген дерттен Нұр-Сұлтан көш бастап келеді. Мұны кейбіреулер сондағы дөкейлердіңшетелге көп шығатынымен түсіндіреді. Алайда бізді елорда емес, көзгекөрінбейтін коронавирустың ауыл аралай     бастағаны жанымызға батты. Араларында құдалыққа барып, артынша ауруханаға түсіпжатқандар бар. Дәрігерлер қауіпті дертті жеңудің оңай жолы сақтық екенін айтып,жұртты үйде отыруға шақырып жатыр. Шынында да, үйде отырған үйдей пәледенқұтылады. Одан да аз уақыт үйде, бала-шағаның жанында болып, отбасына көңіл бөлукерегін де ұмытпағанымыз жөн-ау. Ақпақұлақ атанбайықшы, ағайын!

ЖолдасбекДУАНАБАЙ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега