АҚШ Иранға қарсы әскери операцияға дайындалып жатыр
Бұл туралы Axios америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.
Пентагон АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығына (CENTCOM) Иранға қарсы ауқымды әскери қимылдарды қайта бастауға дайындықты аяқтауды тапсырды.
Әзірге нақты дата белгіленбеген және АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы шешім қабылдаған жоқ. Алайда Axios-қа пікір білдірген америкалық және израильдік шенеуніктер жаңа соққылар АҚШ-тағы 3 қарашада өтетін аралық сайлауға дейін, тіпті одан бір апта бұрын өтетін Израильдегі сайлауға дейін басталуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Әскери науқан қайта басталған жағдайда, АҚШ пен Израиль Иранның энергетикалық нысандарына, инфрақұрылымына және ядролық объектілеріне ауқымды соққы жасауы мүмкін. Операцияға екі елдің қарулы күштері де қатысуы мүмкін.