Әлеумет

АҚШ-та Ақ үйдің бұрынғы баспасөз хатшысының заңгерлік мәртебесіне қатысты тексеріс басталды

Калифорния адвокаттар алқасы Ақ үйдің бұрынғы баспасөз хатшысы Кэти Захарияға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Бұған Campaign for Accountability ұйымының шағымы себеп болған.

Фото: ашық дереккөз

Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, Захария бірнеше рет телеарналардағы сұхбаттарында өзін заңгер ретінде таныстырған. Алайда оның Калифорнияда да, АҚШ-тың басқа штаттарында да адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы жоқ.

Бұған дейін Захария Fox News арнасына берген сұхбатында адвокаттық біліктілік емтиханынан өте алмағанын және тиісті лицензия алмағанын мойындаған. Соған қарамастан, АҚШ президенті Дональд Трамп оны көпшілікке заңгер ретінде таныстырған.

Кэти Захария Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне 9 қазанда тағайындалып, алғашқы брифингін 13 қазанда өткізген. Алайда арада көп уақыт өтпей қызметінен кеткен. Оның журналистер алдындағы алғашқы мәлімдемесі жиі сөзден жаңылуы және сауалдарға толық жауап бере алмауы салдарынан сынға ұшыраған.

Сайт Әкімшілігі