АҚШ-та Трамптың саяси тағдырына әсер ететін сайлау басталды
АҚШ азаматтары Өкілдер палатасының барлық 435 мүшесін және Сенаттың 35 мүшесін сайлап жатыр.
Қазір Конгрестің қос палатасында да республикашылдар басымдыққа ие. Алайда демократтар кем дегенде Өкілдер палатасындағы көпшілікті қайта иеленуге үміттеніп отыр.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл сайлау Дональд Трамп үшін ерекше маңызды. Егер республикашылдар көпшіліктен айрылса, президенттің алдағы екі жылда өз бастамаларын Конгресс арқылы өткізуі айтарлықтай қиындайды. Сонымен қатар демократтар Ақ үй әкімшілігіне қатысты түрлі тергеулер жүргізуге көбірек мүмкіндік алады.
Сауалнамаға қатысқан сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс беру кезінде негізгі мәселе ретінде бағаның өсуі мен күнкөріс құнының қымбаттауын атаған.
Сайлауға қатысу көрсеткіші де рекордтық деңгейге жетіп отыр. Қазірдің өзінде 57 миллионнан астам америкалық мерзімінен бұрын дауыс берген. Бұл 2022 жылғы аралық сайлаудағы көрсеткіштен едәуір көп.