Аймақ

Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады.

Jasalash.kz

Polisia.kz хабарлағандай, тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді «UZI» моделінің пулеметі тәркіленді.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега