Саясат

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Мақсат Мұқаш 1991 жылғы 24 қазанда Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2013 жылы білім және спорт саласында бастаған. Жаңаөзендегі спорт мектептерінде қызмет атқарып, 2019-2023 жылдары № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарған.

Кейін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары болды.

Мақсат Мұқаш Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Дене шынықтыру және спорт", М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін "Құқықтану", сондай-ақ Esil University-ді "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Т. РАУШАНҰЛЫ