Қоғам

Ақтөбе облысында ер адам жазасын толық өтемей уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен

Қарғалы ауданының 33 жастағы тұрғыны бұған дейін мас күйінде әрі жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін жазасын өтеп жатқан.

Фото: ашық дереккөз

Алайда ол жазасын толық өтеуді күтпей, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен.

Оқиға кешкі серуен кезінде болған. Ер адам есік құлпын ашып, көрші аулаға өткен. Кейін қабырғаның бір бөлігін бұзып, арматураны сындырған соң шатырға көтерілген. Ол тікенекті сымнан асып, изолятор аумағынан шығып кеткен.

Қашқаннан кейін ер адам Кемпірсай ауылын жаяу айналып өтіп, Ақтөбеге қарай жолай көлікке отырған. Алайда жолда полиция қызметкерлері оны ұстап алды.

Сот оның әрекетін Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша бас бостандығынан айыру орнынан қашу деп бағалады. Осы қылмысы үшін оған 1,5 жыл жаза тағайындалды. Бұған дейінгі жазасы да ескеріліп, түпкілікті мерзімі қатаң режимдегі колонияда 2 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленді.

Сайт Әкімшілігі