Қоғам

Ақтөбе облысында қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген ер адам жауапқа тартылды

Қазан айында Хромтау ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары мүлікті қасақана бүлдіру дерегін тіркеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: полиция

Атап айтқанда, полиция қызметкерлері 12 қазанда көшеде ер адамның қоқыс жәшігіндегі қоқысты қасақана төгіп,  жәшікті сындырғанын  анықтады.

Оқиға түнгі мезгілде Хромтау қаласындағы қонақүйдің қасында болған.  Полиция құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген Хромтау қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып (ҚР ӘҚБтК 127-1-бабы). Нәтижесінде сот шешімімен жігіт кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.  

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: полиция