Ақтөбеде 35 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды
Ақтөбеде 35 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды.
Әлеуметтік желіде қылмыс сәті түсірілген видео тарады.
Кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мен ер адам бір-бірін бұрыннан таныған. Екеуінің арасында жанжал туындап, соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Күдікті әйелге пышақ жарақатын салған. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері мен өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.