Әлеумет

Ақтөбеде авиация генерал-майоры пара алды деген күдікпен ұсталды

Ақтөбеде авиация генерал-майоры пара алды деген күдікпен ұсталды

Фото: из открытых источников

Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы, генерал-майор Т. Т. Еспағамбетов пен институттың азық-түлік қызметінің бастығы, подполковник Р. А. Исахожаев ұсталды деген ақпарат тарады. Олар пара алу және пара беру қылмыстарына күдікті болуы мүмкін.

Мессенджерлерде тараған мәліметке сәйкес, екі офицерді 12 қараша күні таңертең Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің тапсырмасы бойынша Ақтөбе облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері ұстаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, әскери институттың басшысы мен азық-түлік қызметінің бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарына байланысты тергеу жүргізілуі мүмкін.

Әзірге құзырлы органдар бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Күдіктілерге қатысты істің мән-жайы мен болжамды пара сомасы белгісіз.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жемқорлық