Әлеумет

Ақтөбеде бас дәрігер 53 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Ақтөбеде бас дәрігер 53 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Фото ашық дереккөз

Ақтөбеде медицина саласында 40 жылдан астам еңбек еткен бұрынғы бас дәрігер Жәнібек Нұрмағамбетов мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Ол 53 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алған.

Тергеу дерегінше, дәрігер өзі басқарған клиникада көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы «DamuMed» жүйесіне жалған мәлімет енгізген. Осылайша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша аудартқан.

Нұрмағамбетов кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеген. Сот оған бес жылға шартты жаза тағайындады.

Сайт Әкімшілігі