Ақтөбеде ер адамды атып өлтіріп, көлігін айдап әкеткен
16 қарашада Ақтөбеде оқ жарақаттарынан қаза тапқан 49 жастағы ер адамның денесі табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бетперде киген белгісіз адам жеке үйге басып кіріп, ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ көлікті иемденген. Кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстау үшін тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Богослов тасжолында криминалистер жұмыс істегені хабарланған. Сондай-ақ қаза тапқан адамның Ақтөбедегі ЖШС-лардың бірінің басшысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметтерді ресми түрде растаған жоқ.