Қоғам

Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызға жыныстық зорлық көрсеткен адам оның көршісі әрі отбасымен араласатын танысының ұлы болған.

Фото: ашық дереккөз

Ол оқиғаны ешкімге айтпауын талап етіп, жәбірленушіні өлтіремін деп қорқытқан. Соның салдарынан оқушы бір ай бойы болған жағдайды жасырып келген.

Полицияға арыз түскеннен кейін қыз интернетте де қудалауға ұшыраған. Қысым салдарынан ол өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Осыған байланысты жәбірленушінің туыстары блогерлердің бірінің үстінен бөлек арыз түсірген.

Қазір қыз психологтің көмегіне жүгініп жүр. Оқиғадан кейін ол мектебін ауыстырып, колледжге оқуға түскен.

Сайт Әкімшілігі