Әлеумет

Ақтөбеде мешітке ұры түсті

Ақтөбедемешіттің ішінде тұрған садақа жәшігі ұрланды.Бұлақпаратты «Жас АЛАШ»сайтының өңірдегі тілшісінеОйыл ауданы Қараой ауылының тұрғындархабарлады.

Jasalash.kz

Алла үйіндегі ұрлық Қадір түннің ертеңінде болған. Түнгі уақыттамешітке ұрлыққа түскен азамат садақа жәшігін бұзып ашып,  ішінде жиналған 77.000 теңгені сыпырып алыпкеткен.  Бұл адам шошырлық жағдайды Ойылауданының әкімдігі де растап отыр. 

«Алланың үйіндегі бұл жағдай Қасиетті түннен кейінжасалып отыр.  Полицияға хабарланды.Қазір осы оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп», — жатыр дейді Ойылауданының әкімдігі.

Полицейлермешітке ұрлыққа түскен қарақшаны көп ұзамай ұстапты.  Садақа жәшігіне қол салған сол ауылдыңтұрғыны болып шықты.  Полицейлер қолғатүскен тұрғынның әзірге аты-жөнін,  жасынайтпай жасырын ұстап отыр. 

«Оқиға Қараой ауылдық мешітінде маусымның 2-нен 3-неқараған түні тіркелді. Күдікті мешітке терезеден кіру арқылы жәшіктің құлпынбұзып,  ішіндегі 77.000 теңгені алыпкеткен.  Қазіргі күні күдіктіұсталды.  Сол ауылдың тұрғыны.  Қылмыстық іс қозғалып,  тергеу жүріп жатыр», —  дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментініңбаспасөз хатшысы Ерболат САРҚҰЛОВ.

Фото: gailya.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега