Саясат

Ақтөбеде тағайындалғанына бір ай болмаған әкім тәртіптік жазаға тартылды

Ақтөбе облысының Байғанин ауданына жақындағана әкім болып барған Қайрат ОТАРОВТЫҢ облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіружәне әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тұрған кезде 25шетелдік азаматтың мұнай компаниясында жұмыс істеуіне заңсыз рұқсат бергеніанықталды.

Jasalash.kz

Әдеп кеңесінде экс- басшымен бірге басқарманың шетелдік жұмыс күшінтарту және халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Роза АЛЕНОВАДАНда жауап алынды.

«Әкімшілікқұқық бұзушылық кодексінің 519 бабы бойынша жауапқа тартылып, жергіліктіатқарушы биліктің рұқсатынсыз шетелдік жұмысшыларды тартқан. 2018 жылдыңтамыз-желтоқсан айлары мен 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Восток нефть»компаниясына 25 шетелдік жұмысшыны алуға заңсыз рұқсат берген. Көші-қонбасқармасы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларбасқармасына бұл туралы ескерту беріп, мұнай компаниясы әкімшілік жауапқатартылғанын айтқан. Соған қарамастан шетелдік азаматтарға заңсыз рұқсат берген.Сондықтантәртіптік жаза қолдануды сұраймыз», — деді Ақтөбе облысы прокуратурасыбасқармасының аға прокуроры Ерболат ЕРЕНОВ.

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіружәне әлеуметтік бағдарламалар басқармасының экс-басшысы Қайрат Отаров өзәрекетін түсіндіруге тырысты.  

«Шетелазаматтарын кіргізуге комиссия құрылған. Сол комиссияны облыс әкімініңорынбасары басқарады. Әрі сол жерде көші-қон басқармасының өкілі болды. Ол дашетелдік жұмысшыларды әкелуге қарсылық білдірген жоқ. Комиссия қарсы болмағансоң біз бұйрық шығардық. Дегенмен жіберген кемшілікті мойындаймыз», — деді әкім  Қ.Отаров.

Әдеп жөніндегі кеңес қазіргі білдей бірауданның әкімі болып тағайындалған Қайрат Отаров пен Р.Аленоваға ескертутүріндегі тәртіптік жаза қолдануды ғана ұсынды.

Фото ғаламтордан алынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега