Саясат

Ақтөбеде ҰҚК жарып жібермекші болғандар ұсталды

Ақтөбеде әкімдіктің, ұлттық қауіпсіздік және соттың жүзге жуық қызметкерін өлтірмекшіболған екі тұрғын сотталды.

Jasalash.kz

  Тергеудің мәліметінші  бұлар ДАИШ идеологиясын қолдаушылар болған. Оларжоспарларын іске асыру үшін қару-жарақ сататын дүкенге барып Макаров пен аңшылыққа арналған қаруларына оқ дәрілерін сатудысұраған. Сөйтіп, жүзге жуық қызметкерді қаланың сыртына шығарып атып өлтіргісікелген. Оған қоса Отардағы танысы арқылы үш миллион теңгеге граната мен тағыбасқа жарылғыш заттарды алып беруін сұрап, ҰҚК департаментін жарып жіберудіжоспарлапты. Алайда сотта екеуі де терроризмді насихаттау, араздық тудыру,террористік топтарға қатысы бар деген айыптарды мойындамады. Сотталғандардыңтуыстары  да тергеу кезінде ұлдарымызға қысымкөрсетілді, істі қолдан жасаған деп отыр. Жабық режимде қаралған сот ҚР ҚК ніңбірнеше бабымен айыпталған Жаңасыл ЖҰБАТОВҚА 15 жыл, Әлібек ӘЛИЕВКЕ 13 жылдан жаза кесті.

 «Әлиев және Жұбатов ҚР ҚК 170 бабы 3 бөлімі, 256 бабы 2 бөлімі,  257 бабы 2 бөлімі, 287 бабы 2-ші жане5-ші бөлімдері, 24 бабы 3 бөлімі, 288 бабы 3 бөлігінде  көзделген қылмыстар жасағандары үшін кінәлідеп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығымен жазаны қылмыстықатқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеуге азамат Әлиевке 13жыл, азамат Жұбаотвқа 15 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасытағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», —  деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысыАйжамал СҮНДЕТ.

Фото: rbc.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега