Әлеумет

Ақтөбеде үш ауыл шаңнан күннің көзін көрер емес

Ақтөбе облысында үш бірдей ауылдың тұрғындары қоюшаңға амалсыз тұншығып отырғандарын айтады.

Jasalash.kz

Өйткені, Мұғалжар тауының етегіндеқиыршық тас өндіретін жеті бірдей зауыт күнара тас қопарады екен.Тұрғындартіпті аспанға көтерілген қара шаңнан күннің көзін көре алмайтын күнге жеттікдеп отыр. Шаңға көмілген Бершүгір, Сарысай мен Алабас ауылдары Шалқар ауданынақарайды.

«Тау етегінде жарылыс болатынын алдын ала даескертпейді. Тіпті заңға сәйкес ауыл ішінде су шашуға да құлқыларыжоқ.  Лас ауаға уланып болдық. Тіпті балаларымыз далаға шығыпойнай да алмайды. Жуған кірімізді де жая алмаймыз», — дейді ауыл тұрғындары.

Шалқар ауданының әкімі ауаны ластап жатқанзауыттарға тек бүгін тексеріске бара жатқанын айтады. Сөзінше қиыршық тасшығаратын жеті зауыттың бәрі заңға сәйке жұмыс жасамайды. Тексеріс нәтижесіндезаңсыз әрекеттерге барған зауыттың жұмысын тоқтатамын деп отыр. 

«Ауылтұрғындарынан әзірге арыз түскен жоқ. Болған жағдайды білемін. Қазір экологтарбар, орынбасарларым бар тексеріске бара жатырмыз. Зауыттардың жұмысын қараймыз.Негізі олар шаң ұшырмайтын сепиратор деген аппаратты қондырулары керек», —  дейді Шалқар ауданының  әкімі Бауыржан ҚАНИЕВ.

Қазір лас ауаға уландық деген  үш ауылдың тұрғындары жиналып Ақтөбе облыстықэкология департаментіне арызданған.  Қазірмән жайды анықтау үшін экологтар да жұмыс жасап жатқандарын айтады.

«Тиісті шаңбасу жұмыстарын жасау керек қой. Жарылыстың алдында су шашу керек.  Оның бәрін тексереміз. Сосын анықтаймыз.Тиісті шара қолданамыз», дейді Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысыныңорынбасары Ерболат ҚОЖЫҚОВ.

Фото: ok.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега